• Главная
  • ДДСҰ «дельта» штамына байланысты туризмнен толықтай бас тартуға шақырды
COVID-2019
11:55, 27 июля 2021 г.
Надежный источник

ДДСҰ «дельта» штамына байланысты туризмнен толықтай бас тартуға шақырды

COVID-2019
ДДСҰ «дельта» штамына байланысты туризмнен толықтай бас тартуға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы жазда коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты туризмнің кез келген түрін тоқтату қажет деп санайды. Ауру жұқтырудың алдын алу және бақылау еуропалық орталығы (ECDC) мен ДДСҰ адамдарды осы жазда саяхатқа шықпауға шақырды, өйткені дельта штамы бүкіл Еуропаға таралып, Еуропаны жаулап алып жатыр деп хабарлайды 7152.kz тілшісі nur.kz сілтеме жасап.

ДДСҰ-ның хабарлауынша, осы жазда дельта штамы бар 28 елдің 19-ында осы нұсқа белең ала бастаған. Бұл мутация барлық Еуропа елдерінде кездеседі. ECDC директоры Андреа Аммон кез келген туризмнен аулақ болуға және коронавируспен үйде отырып күресуге шақырды. Осыған байланысты ДДСҰ Еуроодаққа бірқатар ұсыныстар берді, атап айтқанда, COVID-19-ға тегін тестілеудің қолжетімділігін арттыру, ауру тарату тізбегін үзу үшін науқаспен байланысқандарды қадағалауды күшейту.

Еске салсақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус жуық арада «дельта» штамнан қауіптірек тағы бір вирустың пайда болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Ол әрбір мемлекетте вакцинацияланған тұрғындар саны 70%-ға жеткенде коронавирус пандемиясын тоқтату мүмкін болмақ деп есептейді. Ал дәл қазіргі жағдайға баға берген Тедрос Аданом әлем пандемияға қарсы төтеп бере алмай жатқанын жеткізген еді.  

Тағы да оқыңыздар: сайланған 71 әкімнің 57-і немесе 80,2% - мемлекеттік қызметші

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #карантин #коронавирус #туризм

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...