• Главная
  • Интернет-алаяқтарға сенген ауыл тұрғыны 2 млн теңгесінен айырылды
СҚО ПД
17:00, 27 июля 2021 г.
Надежный источник

Интернет-алаяқтарға сенген ауыл тұрғыны 2 млн теңгесінен айырылды

СҚО ПД
Интернет-алаяқтарға сенген ауыл тұрғыны 2 млн теңгесінен айырылды

Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте үші бірдей интернет-алаяқтығы тіркелді. Ең көп шығын 2 миллион теңге. Алаяқтар «банктен хабарласып тұрмыз» деп алдап, әйелдің  қомақты қаржысын  қолды еткен, деп хабарлайды 7152.kz  тілшісі.

Есіл ауданының 54 жастағы тұрғынына, оның банк шотына қылмыскерлер шабуыл жасап жатыр деп алаяқтар қоңырау шалған, ақшаны сақтап қалу үшін «резервтегі депозитке» аудару керек деп айтқан. Әйел айтылған шотқа 2 млн теңгеге жуық жиған ақшасын аударыпты. Кейін ол банктің call-орталығына жүгініп, банктен ешкім хабарласпағанын білген соң, полицияға арыз жазған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

-Мұндай қылмыстың алдын алу үшін ауданда адамдар көп жиналатын орындарда интернет-алаяқтардың түрлі тәсілдері туралы ескерткен брошюралар мен плакаттар таратылды. Баннер орналастырылды. Учаскелік инспекторлар да үнемі тұрғындарға айтып отырады. Ескертулер БАҚ-та, әлеуметтік желілердегі аудандық полиция бөлімінің аккаунттарында жарияланып тұрады. Адамдарды сақ болуға шақырамыз. Жинаған ақшаңызға қауіп төнуі туралы «банктен шалынған қоңырауға» жауап бермеңіз, сөйлесуді бірден тоқтатыңыз. Шоттарыңыз орнында екендігіне көз жеткізу үшін банк бөлімшесіне барыңыз немесе ресми телефонға хабарласыңыз, - дейді Есіл аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Сағындық Жантеміров.

Тағы да оқыңыздар: ДДСҰ «дельта» штамына байланысты туризмнен толықтай бас тартуға шақырды



Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #интернет-алаяқтық #2 млн теңге

Комментарии

Объявления
live comments feed...