
COVID-2019
19:05, 28 июля 2021 г.
Надежный источник
СҚО-да бір апта ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 1,3 есеге өсті
COVID-2019

Облыста COVID-2019 ауруы бойынша жағдай тұрақсыз. Соңғы аптада вирус жұқтығандар саны 1,3 есеге өскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық санитариялық- эпедимиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаева айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Вирусты көбіне Тайынша , Жамбыл аудандарының тұрғындары және Петропавл қаласының азаматтары жұқтырған. Сәйкесінше аталмыш елдімекендерде 4,5 және 3 есеге өсім байқалады.
Коронавирусқа шалдыққандардың 92 пайызында ауру белгілері бар. Басым бөлігі, яғни 57 пайызы 40 жасқа толмаған азаматтар.Аурудың өсуін мамандар «дельта» шатымының айналымымен және халықтың карантиндік шараларды сақтамауымен байланыстырып отыр.
-Соңғы 7 күнде барлығы 882 КВИ жұқтырғандар тіркелді. 1312 байланыста болған тұлға анықталды, оның ішінде 290 адам КВИ-ге қарсы екпе алған. Олар үй карантиніне жіберілген жоқ. ПТР зертханалық зерттеулері жүргізілмейді. Медициналық бақылауда. Бұл вакцинацияның артықшылығы болып табылады,- деді облыстық санитариялық-эпедимиологиялық бақылау департаментінің басшысы.
Пандемия басталғалы берікоронавирустан және коронавирустық инфекциядан облыста 60 адам көз жұмды. Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда 600-ден астам ем қабылдауда. 39 науқастың жағдайы ауыр.
Егерде халық бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, екпе алу сынды санитарлық талаптарды орындамайтын болса, тәулігіне 150-200 адамнан вирус анықталуы мүмкін дейді мамандар. Болжам бойынша тамыз айының ортасы мен соңында індет ушығуы мүмкін.
Тағы да оқыңыздар:33 жастағы жігіт құрылыс алаңынан жабдықтарды ұрлап кеткен
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Сила, воля, победа: курсанты Академии Нацгвардии РК — среди лучших в республике по самбо!
Нацгвардия
14:40
Вчера
От фермы до упаковки: технолог из Айыртауского района СКО на страже молочной безопасности
Человек труда
13:52
Вчера
11:06
Вчера
ТОП новости
Скверы с игровыми и спортивными площадками появились ко Дню города в затопленных ранее районах Петропавловска
Благоустройство
Qyzyljar Music Fest: фестиваль подарил эмоции на весь год
Qyzyljar Music Fest
Объявления
live comments feed...
Комментарии