• Главная
  • Маман тапшылығы: облысқа 272 дәрігер қажет
кадр тапшылығы
16:00, 30 июля 2021 г.
Надежный источник

Маман тапшылығы: облысқа 272 дәрігер қажет

кадр тапшылығы
Маман тапшылығы: облысқа 272 дәрігер қажет

Облыста жалпы  анестезиолог-реаниматологтар,практика дәрігерлері, психиатрлар және педиаторлар, барлығы – 272 маман жетіспейді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 

Медицина мамандарының тапшылығы туралы «Nur Otan» партиясы СҚОФ жанында құрылған ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында көтерілді. Онда денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов  кадр тапшылығын азайту үшін қолға алынған ісшаралар туралы айтып берді.

-2021 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша 1,5 млн теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы 27 дәрігерге берілді. Ортақ сома - 40,5 млн теңге. Биыл 128 жас дәрігер, оның ішінде 56 маман ауылдық жерлерге, 72 маман қалаға тартылмақ. Облыстық бюджет есебінен білім алған 24 резидент қайтып келуі тиіс. Қалған резиденттер оқуын аяқтап, 2022 жылы және 2023 жылы жұмысқа кіріседі. Денсаулық сақтау басқармасының бюджетінде мамандарды тартуға 143,5 млн теңге бар. Ал 128 дәрігерді тарту үшін 106 млн теңге қажет, - деді Құмар Күсемісов.

Бүгінде СҚО-да мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жергілікті бюджет есебінен 10 жоғары медициналық оқу орынында 113 резидент оқып жатыр. Олар кейін өңірде кем дегенде 5 жыл жұмыс істеулері қажет. Резиденттер ішінде кардиологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, офтальмологтар, оториноларингологтар, акушер-гинекологтар, неврологтар және басқа да көптеген мамандар бар. Қазір обылста  1342 дәрігер және 5 022 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

Өңірде жалпы практика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматологтар, психиатрлар және сәулелік диагностика дәрігерлері жетіспейді, Сондай-ақ педиатрларға, акушер-гинекологтарға және дәрігер-зертханашылар да тапшы. Бұдан басқа 102 орта медициналық қызметкердің орны бос тұр.

Тағы да оқыңыздар:Облыста КВИ-ге шалдыққан 43 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #кадр тапшылығы #272 дәрігер қажет

Комментарии

Объявления
live comments feed...