• Главная
  • Жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналасады
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ
16:00, 11 августа 2021 г.
Надежный источник

Жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналасады

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ
Жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналасады

Жоғары оқу орындары мен колледждерді дәстүрлі оқу форматына көшіру үшін оқытушылар, қызметкерлер, жатақхана мен асхана жұмысшылары 100 пайыз вакцина алуы қажет. 18 жасқа толған студенттердің бәрі вакцина алуға тиіс. Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында айтты деп  хабарлайды, 7152.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, санитарлық талапқа сәйкес, жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналасады. Ал екпе салдырмағандар онлайн оқыту форматына ауыстырылады.

-Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында оқу корпустары, кітапханалар мен жатақханалардың кірберісінде міндетті түрде Ashyq қосымшасы болады. Бұдан бөлек, эпидемияға қарсы санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Ол үшін медицина қызметкерлері оқытушылар мен білім алушылардың денсаулығын қадағалап отырады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады. Сондай-ақ, дәріс залдарында рециркуляторлар тұруы керек немесе бөлме іші үнемі желдетілуге тиіс, - дейді Алексей Цой. 

Мониторингтік топ колледждер мен университеттерде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды. Сол үшін топ мүшелерінің құзіреті кеңейтіледі. Олар оқу орындарына, соның ішінде асханалар мен жатақханаларға емін-еркін кіріп, карантиндік шараларды бақылайды. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.

Тағы да оқыңыздар: 1-ші сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #білім беру #қашықтан оқу#жатақхана#студенттер

Комментарии

Объявления
live comments feed...