• Главная
  • Алаяқтарға алданатындардың басым бөлігі әйелдер
ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ
23:50, 17 августа 2021 г.
Надежный источник

Алаяқтарға алданатындардың басым бөлігі әйелдер

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ
Алаяқтарға алданатындардың басым бөлігі әйелдер

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері өңірдің 400-ден астам тұрғыны интернет-алаяқтардың айла-амалдарына түскен. Белгілі болғандай, алданған солтүстікқазақстандықтардың басым бөлігі - әйелдер. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды  7152.kz тілшісі. 

Көбінесе адамдар интернет-дүкендер арқылы немесе интернет-сайт арқылы өнімді сатуға тырысып, жинаған ақшаларын жоғалтады. Алаяқтар арасында ең танымал сайт -OLX. Дәл осы сайт арқылы жыл басынан бері 141 солтүстікқазақстандық алданды. Облыстың 15 тұрғыны Колеса сайтынан қосалқы бөлшектерді сатып алуға тырысып, алдаудың құрбаны болды. Ал алаяқтықтың 120 жағдайында қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған. Сондай-ақ, цифрлық ресурстар арқылы жүк тасымалы, жұмысқа орналасу, ұтыстар сияқты жалған ұсыныстар да түседі.

- Цифрлық ресурстардың қарқынды дамуы дәуірінде әртүрлі заманауи технологиялармен байланысты қылмыстар саны едәуір өсті, - деп атап өтті СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. - Интернеттегі қосымшаларды пайдаланатын азаматтар көбінесе алдаудың құрбаны болады. Қылмыскерлер ұялы байланыс арқылы алдауды жалғастыруда. Соңғы жылдары белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, бүгінгі таңда интернет-алаяқтық - қылмыстың кең таралған түрі.

9-15 тамыз аралығында СҚО полицейлері IT саласындағы қылмыстардың жолын кесуге бағытталған Anti-fraud жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде онлайн арқылы жасалған 24 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, бір апта ішінде заңсыз контенті бар сайттарға 145 сілтеме анықталды. Олар бойынша ақпарат бұғаттау үшін құзыретті органдарға жіберілді. 

Тағы да оқыңыздар:Қауіпсіздік ережесін сақтамаудан екі адам теміржолда мерт болды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #интернет-алаяқтық

Комментарии

Объявления
live comments feed...