
СҚО ТЖД
18:00, 24 августа 2021 г.
Надежный источник
Қызылжар ауданында 500 тауық, 50 торай тірідей жанып кетті
СҚО ТЖД

Қызылжар ауданында тамыздың 22-і күні 5 өрт болды. Ең ірі оқиға Знаменское ауылында болған. Онда 2 қора, 3 гараж, 2 монша, автокөлік және 500 тауық пен 50 торай тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Облыста тіркелген өрт оқиғалары жайында ТЖД мамандары брифингте айтты. Знаменское ауылында болған оқиғада абырой болғанда 2 пәтерлі тұрғын үйге зақым келмеген. Ал Соколовка елді мекенінде моншадан шыққан қызыл жалын баспанаға зақым келтірді.
-Соколовка елді мекенінде тұрғын үйдегі моншада өрт шығып, жалын 2-пәтерлі үйдің шатырына ауысқан. Тілсіз жаудың кесірінен шатыр толығымен жанып кетті. Сондай-ақ, дәліздің қабырғасы да зақымданған. Қазіргі таңда шығын мөлшері анықталып жатыр. Жалпы жыл басынан ауданда өрттен 5 адам қаза тапты,- деді брифингте Қызылжар аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Аслан Ахметжанов.
Жыл басынан бері облыста 458 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 70%-і жеке сектордың үлесінде. Салдарынан 36 адам қаза тауып, 35 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алған. Материалдық шығын мөлшері 174 миллион теңгеге жеткен.
Тағы да оқыңыздар:Петропавлдық апалы-сіңлілер ШҚО-да есірткі саудасымен айналысқан
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:02
Вчера
«Таза Фэшн» и эко-квесты: на центральной площади Петропавловска организовали акцию для молодежи
Таза Қазақстан
15:49
Вчера
15:05
Вчера
13:30
Вчера
12:07
Вчера
Тайны древних писем: школьникам Акжарского района приоткрыли завесу исторического прошлого
Акжарский район
11:23
Вчера
ТОП новости
Историю Золотой Орды обсудили в Петропавловске
Золотая Орда
Первые холода не за горами: когда Петропавловск начнёт получать тепло
Отопительный сезон
Объявления
11:20, 10 сентября г.
11:20, 10 сентября г.