• Главная
  • Аяғына тот басқан шеге кірген азамат, сіреспеден көз жұмды
СІРЕСПЕ
11:40, 1 сентября 2021 г.

Аяғына тот басқан шеге кірген азамат, сіреспеден көз жұмды

СІРЕСПЕ
Аяғына тот басқан шеге кірген азамат, сіреспеден көз жұмды

Ғ.Мүсірепов ауданында 1967 жылы туған ер адам  сіреспе ауруынан көз жұмды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Сіреспеден көз жұмған - Өзбекстан Республикасының азаматы. Ол 2020 жылы ауданға құрылыс саласында жұмыс істеуге келген. Ауруханаға бірге еріп келген азаматтың айтуынша, 21 тамызда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде науқастың оң аяғына тот басқан шеге кіріп кеткен.

25 тамызда, түнде басын артқа шалқайту және жақтың құрысуы пайда бола бастайды. Бірақ, медициналық көмекке жүгінбепті. Ертеңгі күні де денсаулығы жақсармағасын, 26 тамызда жедел жәрдем бригадасын шақырады. Науқас Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық ауруханаға жеткізіледі. Пациентті қарау кезінде жақтың құрысуы, бүкіл омыртқа бойында қаттылық, қатты әлсіздік байқалады. Науқасқа«Сіреспе» диагнозы қойылған. Оның сіреспеге қарсы екпе алған, алмағаны белгісіз болғандықтан жедел вакцинация жүргізіліпті. Ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы ауыр деп бағаланды. Ол 28 тамызда көз жұмды. 

-Ер адам 21 тамызда жарақат алған, тек 5 күннен кейін ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Егер ауыл тұрғыны дер кезінде көмек сұрап, вакцина алған болса, оны аман алып қалуға болар еді. Сондықтан біз солтүстікқазақстандықтарды сақ болуға шақырамыз және мұндай жағдайларда дәрігерлерге көрініңіздер. Өйткені, сіреспе сияқты аурулар бар, олар дер кезінде вакцинация арқылы емделеді, – деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов

Сіреспе - Clostridium tetani бактерияларының спораларынан туындаған жіті инфекциялық ауру. Бұл споралар барлық жерде кездеседі: қоршаған ортада (әсіресе топырақта), күлде, жануарлар мен адамдардың ішектерінде / нәжісінде, тері бетінде және тот басқан құралдар шегелер, инелер, тікенек, сымдар және т.б. Споралардың жоғары температураға және антисептиктердің көпшілігіне төзімділігіне байланысты, олар жылдар бойы өмір сүре алады.

Сіреспенің инкубациялық кезеңі инфекциядан кейін 3 -тен 21 күнге дейін созылады. Көп жағдайда ауру 14 күн ішінде дамиды.

Симптомдар мыналарды қамтуы мүмкін:1) жақтың құрысуы немесе аузын аша алмау; 2) кенеттен ауыратын бұлшықеттердің құрысуы, көбінесе кездейсоқ дыбыстардан болуы мүмкін; 3) жұту қиындықтары; 4) құрысулар; 5) бас ауруы; 6) жоғары дене қызуы мен тершеңдік; 7) қан қысымының өзгеруі мен жүрек соғысының жиілігі.

Профилактиканыңбірден-бір құралы – уақытылы жоспарлы вакцинация, республикада ұлттық күнтізбесіне енгізілген және 2 айдан бастап, содан кейін 3, 4 айда, 1,5 жасында, 6 жасында, 16 жаста, содан кейін әрбір 10 жыл сайын ақысыз жүргізіледі.

Тағы да оқыңыздар: Солтүстіктің тумасы Мұрат Бектанов ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #сіреспе #сіреспеден адам көз жұмды

Комментарии

Объявления
live comments feed...