• Главная
  • Оңтүстіктен солтүстікке көшкен азаматтарға шаруашылыққа жер беріледі
ЖОЛДАУ
15:05, 1 сентября 2021 г.
Надежный источник

Оңтүстіктен солтүстікке көшкен азаматтарға шаруашылыққа жер беріледі

ЖОЛДАУ
Оңтүстіктен солтүстікке көшкен азаматтарға шаруашылыққа жер беріледі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында еліміздің оңтүстігінен солтүстік өңірлерге қоныс аударған тұрғындарға шаруашылық жер бөлу мәселесін реттеуді тапсырды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы ішкі миграцияны ынталандыруды шараларын әртараптандыруды  тапсырды.

-Үкімет елдің оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аударған азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тетігін қайта форматтауы қажет. Атап айтқанда, жәрдемақыны тек әкімдіктер арқылы ғана емес, оңтүстік өңірлерден өз бетінше жұмыс істейтін жұмыс берушілердің шығындарын өтеу арқылы да беруге болады. Жеке бизнеспен айналысқысы келетін қоныс аударушыларға белсенді түрде көмектесу керек. Сондай-ақ, оларға үй салу үшін ғана емес, ауыл шаруашылығы қызметі үшін де жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастыру, мемлекеттік бақылау шараларына неғұрлым кең қол жетімділікті қамтамасыз ету қажет, - деді Президент.

Жолдауда сонымен қатар, еңбек мигранттарын қабылдау, көші-қон саясатына жаңа тұжырымдама керектігі де айтылды.

-Көші-қон процестері де біздің еңбек нарығымызға үлкен әсер етіп отыр. Қазақстан – еңбек мигранттарын қабылдау саны бойынша ТМД-дағы екінші ел. Бұл саладағы проблемаларды дұрыс шешу қажет. Үкімет көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуі тиіс. Онда, сондай-ақ шетелде жұмыс істейтін азаматтарымыздың құқықтарын қорғау тетіктерін де көрсету керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Тағы да оқыңыздар:Аяғына тот басқан шеге кірген азамат, сіреспеден көз жұмды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Жолдау2021#көші-қон#Президент

Комментарии

Объявления
live comments feed...