• Главная
  • Президент облыстағы шетелдік инвесторлармен кездесті
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
15:40, 7 сентября 2021 г.
Надежный источник

Президент облыстағы шетелдік инвесторлармен кездесті

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
Президент облыстағы шетелдік инвесторлармен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын «CLAAS» зауытына барды. Президентке зауытта құрастырылған астық жинайтын тракторлар, комбайндар мен тұқым себетін техникалар көрсетіліп, кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндалды, деп хабарлайды 7152.kz сайты Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «CLAAS» компаниясының халықаралық беделін жоғары бағалап, германиялық концернмен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнату қажет екенін атап өтті.Сонымен қатар Президент осы өңірде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатқан шетелдік инвесторлармен кездесті. «CLAAS» компаниясының ТМД елдері бойынша аймақтық директоры Нилс Ройч Мемлекет басшысын Қазақстанда болашақта іске асырмақ инвестициялық жобаларымен таныстырды.

Түріктің «YDA HOLDING» компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейн Петропавлда халықаралық JCI стандарттарына сәйкес 625 орындық заманауи көпсалалы аурухана құрылысының басталғанынан хабардар етті.

Аризона университетінің (АҚШ) жаһандық мәселелер жөніндегі вице-президенті Брент Уайт аталған оқу орнының Kozybayev University-мен ынтымақтастық орнату жөніндегі жоспарын айтты. Бұл келісім қазақстандық жоғары оқу орнын америкалық білім беру мекемесіндегі академиялық технологиялармен қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобалармен танысқаннан кейін инвесторларға ел экономикасын, атап айтқанда өңірлерді дамытуға қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы инвесторлардың бизнес-жобаларының іске асырылуын бақылауда ұстау үшін жеке мониторинг жүргізетінін атап өтті.

Тағы да оқыңыздар: Мемлекет басшысы облыстағы егін жинау науқанының барысымен танысты

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Тоқаев#СҚО әкімдігі#инвесторлар

Комментарии

Объявления
live comments feed...