СҚО ПД
16:40, 9 сентября 2021 г.
Надежный источник

Гашиш сатқан жігіт ұсталды

СҚО ПД
Гашиш сатқан жігіт ұсталды

Полицейлер аса ірі көлемде гашиш сатқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 қыркүйек күні Петропавлда Абай көшесінде полиция қызметкерлері есірткі сатты деген күдікпен бұрын мүліктік қылмысы үшін сотталған 34 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 2 кг.гашиш тәркіленді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

-Сот-химиялық зерттеу қорытындысына сәйкес алынған заттың жалпы салмағы 1 кг, 994 гр гашиш болып табылады. Бұл «есірткі заттарының, олардың аналогтары мен прекурсорларының жиынтық кестесіне» сәйкес аса ірі мөлшерге жатады. Сондай-ақ, ұсталған адамға тиесілі көлікті тінту барысында қылмыстық мақсатта пайдаланатын ақшалай қаражат тәркіленді. Жалпы сомасы 971 мың теңге. Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы  таңдалды– деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Руслан Үмбетов

Жыл басынан бері облыста полицейлер 139 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 35 өткізу фактісі бар. 287 келіге жуық түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның 4 кг-нан астамы синтетикалық есірткі.

Тағы да оқыңыздар: Студенттердің шәкіртақысы өсті

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #есірткі саудасы
Последние новости
ТОП новости
Погреемся на солнышке бесплатно: в Петропавловске официально завершают отопительный сезон
Отопительный сезон
В Кызылжарском районе СКО 58-летний мужчина после утери советского паспорта жил и работал без документов
СКО
В селе Казанское СКО на заднем сиденье сгоревшего автомобиля обнаружен мужской труп
ЧП
Как министр культуры РК показал библиотекарям СКО «след» Алихана Букейханова в энциклопедии Брокгауза и Ефрона
День книги
Объявления