• Главная
  • Банктер қазақстандықтардың ақшасын негізсіз ұстап отырған
ПРОКУРАТУРА
09:25, 10 сентября 2021 г.
Надежный источник

Банктер қазақстандықтардың ақшасын негізсіз ұстап отырған

ПРОКУРАТУРА
Банктер қазақстандықтардың ақшасын негізсіз ұстап отырған

Прокурорлар бірнеше қазақстандық банктің азаматтардан несиелері мен қарыздары бойынша қаражатты негізсіз ұстау фактілерін анықтады. Мұндай фактілер Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда тіркелген, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

Қадағалау органы Еңбек кодексінің 115-бабы және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 23-бабына сәйкес, жалақы мен зейнетақы сомасының 50 пайызынан астамын өндіріп алуға тыйым салынғанын еске салды. Алайда бірқатар қазақстандық банк азаматтардың шотынан белгіленген лимиттен артық ақша алып отырған.

-Бұл проблема банктердің ақшалай қаражаттың банктік шотқа түскенге дейін жүргізілген атқарушылық іс жүргізу бойынша ұстаулардан хабардар болмауының салдарынан орын алуда. Осындай әрекеттердің нәтижесінде қарыз алушылар өздерінің жалғыз табыс көзінен заңсыз айырылған, бұл халықтың наразылығын тудыруда, - дейді Бас прокуратура.

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аталған проблеманы келесі шараларды қабылдау арқылы шешкен: клиенттің өтініші негізінде банктердің және сот орындаушыларының артық төленген соманы 5 жұмыс күні ішінде қайтару алгоритмі қолданысқа енгізілді; Қазақстан банктерінің базасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграцияланды.

-Агенттіктің пікірінше, бұл банктерге барлық кредиторлардың еңбекақы немесе зейнетақыдан жалпы ұсталынған сомалардың заңда белгіленген 50 пайыздан аспауы үшін олардың клиентінен қандай шегерімдер жасалғанын көруге мүмкіндік береді, - дейді ведомство. Осы ретте Бас прокуратура заңсыз өндіріп алу фактілері орын алған жағдайда азаматтар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, оның аумақтық бөлімшелеріне немесе прокуратураға шағыммен жүгінуге құқылы екенін еске салады.

Тағы да оқыңыздар:Гашиш сатқан жігіт ұсталды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #банк #прокуратура#несие

Комментарии

Объявления
live comments feed...