• Главная
  • Соңғы екі аптада өңірде коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші 44% төмендеген
COVID-20019
15:45, 14 сентября 2021 г.
Надежный источник

Соңғы екі аптада өңірде коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші 44% төмендеген

COVID-20019
Соңғы екі аптада өңірде коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші 44% төмендеген

Соңғы екі аптада өңірде коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші 44% төмендеген. Ал вирусқа қарсы екпенің толық курсынан өткендер саны 209 мың адамға жетті. Бұл ақпаратпен онлайн-брифингте СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев бөлісті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

-Бүгінгі таңда медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеуде, жоспарлы медициналық көмек тоқтаған жоқ. Инфекциялық стационарларда 1715 орын бар. Қорда тағы 775 орын қарастырылған.  Төсек-орын қорының 31%, реанимациялық төсек-орындардың  58% бос емес.  Қазіргі уақытта емделушілердің  22-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.  Вирус жұқтырғандардың саны азаюына байланысты, ауруханаға жатқызылатын науқастардың саны да екі есеге - тәулігіне 40 - қа дейін азайды. 181 адамCOVID-19-дан қайтыс болды, - деді Сақыпкереев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 209 мың солтүстікқазақстандық  коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған. Яғни вакцинациялауға жататындардың жалпы санының 67% - ы екпе алып үлгерген.

-1240 адам вакцинациядан кейін КВИ жұқтырған. Бұл вакцинацияланғандардың жалпы санының 0,59% - ын құрайды,- деді облыс басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, Ashyq бағдарламасын пайдаланатын объектілерде 333 «қызыл» және 230 «сары» мәртебесі бар келушілер тіркелген. Олардың 36-на айыппұл салынды, 80 - і үй карантиніне жіберілді.

Коронавирусқа шалдыққандардың 65 пайызы медициналық көмекке өздері жүгінген, 22 пайызы вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған және 13 пайызының індетке шалдығу салдары әртүрлі екен. Аймақтағы коронавирусты жұқтырушылардың дені 30 бен 60 жастығалар.

Тағы да оқыңыздар: Өңірде 60 сынып карантинге жабылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019

Комментарии

Объявления
live comments feed...