• Главная
  • Өңірде 60 сынып карантинге жабылды
COVID-20019
14:49, 14 сентября 2021 г.
Надежный источник

Өңірде 60 сынып карантинге жабылды

COVID-20019
Өңірде 60 сынып карантинге жабылды

Оқу жылы басталғалы өңір  мектептерінде коронавирус жағдайы тіркелуіне байланысты  60 сынып қашықтан оқуға жіберілді. Бұл туралы аталған облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев  ОКҚ-де өткен брифингте айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

-Оқу жылы басталғалы 129 коронавирус жағдайы анықталды. Осы орайда облыс бойынша 60 сынып қашықтан оқуға жіберілді. Бірақ мектептер карантинге жабылған жоқ. Коронавирус жұқтырған және олармен байланыс жасаған барлық адамдар карантинге жіберілді -деді Асқар Сақыпкереев. 

Облыста коронавирус жұқтырған балалар арасында бір өлім жағдайы тіркелді. Ол COVID-19-дың дельта штамымен ауырған 2 жасар бала. Жалпы осы күнге дейін СҚО-да 1456 бала аталған індетке шалдықты. Оның ішінде 1263 бала толық ем алып шықты және 177 бала амбулаторлық жағдайда,16 бала стационарда емделіп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:Петропавлда 200-ден астам үй жылыту маусымына дайын емес

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019#мектеп#сыныатар карантинге жабық

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...