• Главная
  • Өңір тұрғындарының 17% халық санағын онлайн өткен
ҰЛТТЫҚ САНАҚ
16:40, 16 сентября 2021 г.
Надежный источник

Өңір тұрғындарының 17% халық санағын онлайн өткен

ҰЛТТЫҚ САНАҚ
Өңір тұрғындарының 17% халық санағын онлайн өткен

1 қыркүйектен бастап, елімізде  ұлттық халық санағының екінші кезеңі басталды. Осы аралықта өңір тұрғындарының 17 проценті онлайн жүйені қолдана отырып,  науқанға қатысып үлгерді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Санақ халықтың нақты санын, жас, жыныстық құрамын, урбанизация дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі. Оның нәтижесі бойынша, елімізде тиісті іс-шаралар қолға алынады.Тұрғындар үйге интервьюерлердің келуін күтпей ақ, санаққа онлайн қатыса алады. Ол үшін sanaqgov/kz, egov.kc сайттарын, және aitu қосымшасынқолдануға болады.

-Онлайн санақтан облыстың 92561 немесе 17,1 процент тұрғыны өтті. Әсіресе Уалиханов, Мамлют және Ақжар аудандарының тұрғындары белсенді. Қазан айында интервьюерлер үйлерді аралайтын болады. Оларда қызметтік куәік, планшет, көк портфель мен санақтың логотипі бар көк шарф болады, - деді облыстық әкімдікте өткен жиында СҚО Статистика департаментіңің жетекшісі Марал Нұржауыпова.

Облыста халық санағын өткізу үшін 700-ге жуық адам жұмысқа тартылған. Олардың әрқайсысы кем дегенде 803 адамды қамтуы қажет. Оларға 104 мың теңге жалақы төленеді.Петропавлдың  ірі сауда үйлеріндегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайысанақ жөнінде нұсқаушылық участкелеріқұрылған. Халық санағы науқанына қатысты сұрақтары бар азаматтар осында жүгіне алады.

Тағы да оқыңыздар:40 тонна жасымық ұрлағандар ұсталды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Санақ-2021#ұлттық санақ

Комментарии

Объявления
live comments feed...