• Главная
  • 40 тонна жасымық ұрлағандар ұсталды
СҚО ПД
16:00, 16 сентября 2021 г.
Надежный источник

40 тонна жасымық ұрлағандар ұсталды

СҚО ПД
40 тонна жасымық ұрлағандар ұсталды

СҚО полицейлері қырманнан  40 тонна жасымықты ұрлау фактісін ашты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Тайынша аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Егін» операциясы барысында Многоцветное  ауылының  қырманынан жасымық ұрлады деген күдікпен сол аудан орталығының тұрғындарын ұстады. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, ұрланған жасымықтың жалпы салмағы 40 тоннаны құрайды. Шығын-11 миллион теңге.

Жедел уәкілдер ұрлықтың қыркүйек айында жасалғанын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында  күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар қырманда жұмыс істейтін сол ауданның екі тұрғыны болып шықты.  Екі Камаз, екі ЗИЛ, тиегіш – жасымықты шығаруға бес  техника жұмылдырылған. Қазір техниканы басқарған басқа қызметкерлердің қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ұрланған дақыл сол аудандағы ауылдардың бірінде сатылғаны белгілі болып отыр. Оның бір бөлігі тәркіленді. Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталғандардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:Карантин уақытында жалған медициналық құжаттарды істеп, сатумен айналысқандар ұсталды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #жасымық ұрлағандар ұсталды#қырманнан асық ұрлаған

Комментарии

Объявления
live comments feed...