• Главная
  • Заңсыз айналымнан 2 келі гашиш алынды
СҚО ПД
18:25, 16 сентября 2021 г.
Надежный источник

Заңсыз айналымнан 2 келі гашиш алынды

СҚО ПД
Заңсыз айналымнан 2 келі гашиш алынды

Өңір полицейлері  бір аптаның ішінде екі ірі көлемде есірткі партиясын әшкереледі. Заңсыз айналымнан 15 келі түрлі есірткі заты алынды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер есірткі және психотроптық препараттарды пайдаланатын медициналық мекемелерді, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қоймаларды, дәріханаларды тексерді. Бұл жұмыстар бір аптаға созылды. Іс-шараның мақсаты - бақылаудағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу. Нәтижесінде екі дәріханада дәрі-дәрмектерді рецептсіз босату жағдайлары анықталды. Кей медициналық мекемелерде құрамында есірткісі бар препараттарға есеп жүргізілмеген. Тәртіп сақшылары бақылаудағы заттарды заңсыз пайдалануға жағдай жасайтын 18 олқылықты анықтады.

- «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде есірткінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу жұмыстары да жанданды. Осындай 11 факті тіркелсе, оның екеуі аса ірі көлемді есірткіге қатысты. Соның бірінде заңсыз айналымнан 2 кг гашиш тәркіленді. Бұдан басқа синтетикалық есірткіге ұқсайтын 30 гр зат сараптамаға жіберілді. Тағы бір дерек құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге қатысты анықталды. Операция кезінде барлығы 15 келіден астам есірткі заты айналымнан алынды», - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Тағы жда оқыңыздар: Өңір тұрғындарының 17% халық санағына онлайн өткен



Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #есірткі саудасы#гашиш

Комментарии

Объявления
live comments feed...