• Главная
  • Тыйым салынған ағымның әдісін ұстанған «емші» жауапқа тартылды
09:45, 22 сентября 2021 г.
Надежный источник

Тыйым салынған ағымның әдісін ұстанған «емші» жауапқа тартылды

Тыйым салынған ағымның әдісін ұстанған «емші» жауапқа тартылды

СҚО полицейлері «Ата жолы» әдісін ұстанған «емшіні» жауапқа тартты деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Жедел іс-шара барысында СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған «Ата жолы» культтік-мистикалық ағымның әдісі бойынша «емшілікпен» айналысып, адамдардың денсаулығына қауіп төндірген Қызылжар ауданы тұрғынын ұстаған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 489-бабы 10-бөлігі (ҚР қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру) бойынша хаттама толтырылған. СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаевтың айтуынша, облыста жыл басынан бері діни заңнаманы бұзудың 16 фактісі тіркелген.

-Жиі кездесетіні интернетте діни материалдардың жариялануы. Бұзушылықтардың санын азайту үшін басқарма қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізуде. Білім беру мекемелерінің оқушыларымен, ұйымның еңбек ұжымдарымен кездесу кезінде заңнама талаптары, экстремистік ағымдардың тарапынан болатын қаупі туралы айтылады. Солтүстікқазақстандықтардан заңнама талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, - дейді ол.

Тағы да оқыңыздар:Облыс орталығындағы бірнеше нысанға Алаш арыстарының аты берілмек

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #жалған емші
Последние новости
ТОП новости
Маньяк вернулся: в Петропавловске на горожанку напал серийный насильник и убийца, вышедший на свободу после 25 лет колонии
ЧП
Открытый диалог с обществом: прокурор СКО обсудил с Общественным советом проблемы, волнующие жителей региона
Закон и Порядок
Звездный концерт, чествование династий и праздничный «Арбат»: как прошел День города в Петропавловске
День города
Экопарк, велосипеды и драйв: Петропавловск отметил День города масштабным триатлоном
День города
Объявления