• Главная
  • Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ
11:00, 23 сентября 2021 г.
Надежный источник

Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ
Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке 25 қыркүйек, сенбі күні өтеді. Оған облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласы қатысады. Сатуға бал мен ара шаруашылығы өнімдері, ұн мен ұн өнімдері, ет пен шұжық өнімдері, картоп пен көкөністер, балық өнімдері, жем-шөп және астық қалдықтары, ірі жем-шөп және т. б. шығарылады, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қала тұрғындары арасында сұранысқа ие және әлеуметтік маңызы зор.  Өйткені облыс орталығының тұрғындары сапалы өнімді нарық бағасынан 10-20% төмен бағамен сатып ала алады.

Азық-түлік өнімдері мен астық қалдықтарын сату дәстүрлі түрде Мағжан Жұмабаев көшесінде (Интернационал көшесінен Пионер көшесіне дейін) өтеді, , Жұмысшы кенті ауданында Космонавттар көшесі 7-де жем-шөп (шөп және сабан) сатып алуға болады.

Жәрмеңкеге 15 азық-түлік өндіруші мен төрт бал өндіруші қатысады. Ұн, макарон және кондитерлік өнімдер, кондитер өнімдерін «DEZ» ЖШС, «Сұлтан ЭММК» АҚ, «ДП мельница ПНТК» ЖШС, «VIZAVI COMPANY» ЖШС, «Сладкая сказка» ЖШС, «Петропавл кондитер» ЖШС және «Богатырский продукт» ЖШС сатады. Шұжықтар мен ет деликатестерін «Фрегат» ЖШС, «Леонтьевтің ет комбинаты» ЖШС, «Қазмясопродукт» ЖШС, ЖК Шаров, «Айна» СҮ ұсынады. Сүт және сүт өнімдерін «Масло-Дел» ЖШС, «Молпродукт» ЖШС, «Зенченко и К» КТ сүт зауыты шығарады. Солтүстікқазақстандықтар бал мен ара шаруашылығы өнімдерін Сагутдинов ЖК, Степура ЖК, Пилипушко ЖК және «Омарта Қызылжар» ЖШС-нен сатып ала алады.

Жәрмеңке қатысушылары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін ұйымдастырушылар бес қоғамдық тамақтану орындарын (Жұмабаевқа-4, Космнавттарға-1) және биодәретханаларды қарастырды. Сонымен қатар, жәрмеңке аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жедел медициналық жәрдем және өртке қарсы қызмет кезекшілігін ұйымдастырады.

Тағы да оқыңыздар: Тыйым салынған ағымның әдісін ұстанған «емші» жауапқа тартылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО #ауыл шаруашылық жәрмеңкесі

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...