• Главная
  • Елімізде қайта вакциналациялау мәселесі қаралып жатыр
ВАКЦИНАЦИЯ
15:58, 27 сентября 2021 г.
Надежный источник

Елімізде қайта вакциналациялау мәселесі қаралып жатыр

ВАКЦИНАЦИЯ
Елімізде  қайта вакциналациялау мәселесі қаралып жатыр

Елімізде коронавирус індетімен күресте қайта вакциналациялау мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Ревакцинация қазір әлем елдерінің алдында тұрған мәселенің бірі. Бүгінде елімізде санэпидемқызметтің мамандары, ғалымдар мен дәрігерлерден құрылған жұмыс тобы құрылды. Өз кезегімізде жетекші халықаралық агенттіктер мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан ақпарат сұраттық. Халықаралық тәжірибе назардан тыс қалмайды. Тағы бір жайт, қазіргі уақытта ревакцинацияға қатысты нақты критерийлер жоқ, өйткені COVID-19 ревакцинациясы бұл жаңа дүние. Барлық деректерді жинақтап, иммундау жөніндегі консультативтік комиссияның қорытындысынан кейін ревакцинация туралы жалпы жұртшылыққа нақты ақпарат берілетін болады, - деді Алексей Цой ҚР Үкіметі үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің мәлімдеуінше, қажет жағдайда ревакцинацияға еліміздің медициналық нысандары мен мамандары толық дайын.

Тағы да оқыңыздар: Құс тұмауына байланысты Лебяжье ауылы карантинге жабылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019

Комментарии

Объявления
live comments feed...