• Главная
  • 44 жастағы азамат алғаш рет жеке куәлігін алды
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ
19:30, 6 октября 2021 г.
Надежный источник

44 жастағы азамат алғаш рет жеке куәлігін алды

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ
44 жастағы азамат алғаш рет жеке куәлігін алды

44 жастағы ер адам пробация қызметінің көмегімен алғаш рет жеке куәлікке қол жеткізді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданының пробация қызметі волонтерлермен және Қызылжар ауданының көші-қон қызметімен бірге 44 жастағы сотталғанға жеке куәлікті ресімдеуге көмектесті. Ер адам Ресейде туған. Бала кезінде анасымен бірге Қазақстанға көшіп келеді. Бірақ, кейін шешесі оны тастап кеткен. Қамқоршысының болмауына байланысты құжат ала алмаған.

-Сот оны тууы туралы куәлік негізінде соттаған. Одан басқа қолында ешқандай құжаты жоқ. Бізге пробация қызметіне тіркелісімен, оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсеттік. Көші-қон қызметіне тиісті құжаттарды тапсырдық, олар Ресейге сұрау салды. Растайтын құжаттар келісімен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жеке куәлігін алдық, - дейді СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімінің инспекторы Талғат Серікұлы. Маманның айтуынша, мұндай жағдайда құжатты ресімдеу үшін азаматты 15 жылдан артық білетін адамдар куәлік етуі керек.

-Оны 15 жылдан бері білетін адамдарды іздедік, бұрынғы тұрғылықты жеріне барып, тұрғындармен сөйлестік. Олардан түсініктеме алдық. Кейін барлық растайтын құжаттарды көші-қон қызметіне тапсырдық, - дейді Талғат Серікұлы. Жеке куәлік алған ер адам енді жұмысқа орналаспақ ниетте.

 Жыл басынан СҚО пробация қызметінің қалалық және аудандық бөлімдері инспекторлары 5 адамға алғаш рет жеке куәлігін алуға, 9 сотталған адамның жеке куәлігін қайта қалпына келтіруге көмектесті.

Тағы да оқыіңыздар:СҚО, Алматы және Атырау облыстарында КВИ-ге қарсы вакцинаға сенбейтіндер көп

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары#Петропавл жаңалықтары#пробация қызметі

Комментарии

Объявления
live comments feed...