• Главная
  • СҚО, Алматы және Атырау облыстарында КВИ-ге қарсы вакцинаға сенбейтіндер көп
ВАКЦИНАЦИЯ
12:00, 6 октября 2021 г.
Надежный источник

СҚО, Алматы және Атырау облыстарында КВИ-ге қарсы вакцинаға сенбейтіндер көп

ВАКЦИНАЦИЯ
СҚО, Алматы және Атырау облыстарында КВИ-ге қарсы вакцинаға сенбейтіндер көп

Коронавирус пандемиясымен күрес бойынша азаматтық штаб «Вакцинация: жақтайтындар мен қарсылық танытқандар» атты әлеуметтік сауалнама нәтижесісен  бөлісті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Коронавирус пандемиясына қарсы «Ел үшін егілемін» азаматтық штаб өкілдері Қазақстанның барлық өңірі мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша 18 жастан асқан 2 559 респонденттен тәуелсіз әлеуметтік сауалнама алды. Бұл сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі, атап айтқанда, 65,6%-ы коронавирус инфекциясымен ауырмаған. Дегенмен 3% COVID-19 жұқтырып, госпитализацияланған (ПТР тестілеу кезінде вирус анықталған), ал респонденттердің 21,4%-ында вирус белгілері болған, алайда, олар ПТР тестін тапсырмаған. Бұл кейбір азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі жоқтығынан хабар береді.

Заңгер, Нұр-Сұлтан қаласындағы заңгерлер одағы филиалының төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерін сауалнама нәтижесімен таныстыру кезінде «зерттеу сұралғандардың жалпы екпе мен COVID-19-ға қарсы вакцинаға деген көзқарасын байқауға мүмкіндік бергенін» атап өтті. Мысалға, қатысқандардың 11,9%-ы екпеге қарсы болса, 24,2 пайызы қолдаған. Сұралғандардың 69,9 пайызы жалпы екпеге, ал 58,5 пайызы COVID-19-ға қарсы вакцинаға қарсылық танытып отыр. Жалпы вакцинацияға респонденттердің 18,5 пайызы, ал COVID-19-ға қарсы екпеге 17,4 пайыз бейтарап пікір білдірді.

Өңірлер бойынша айтатын болсақ, КВИ екпесіне қарсылық танытқандар саны бойынша Солтүстік Қазақстан (46%), Атырау облысы (37,8%) және Алматы облысы (35,2 пайыз) алда. Коронавирусқа қарсы вакцинаға бейтарап пікір білдірген өңірлер Түркістан облысы (7,1%), Батыс Қазақстан облысы (10,8 %) және Жамбыл облысы (11,8%).

Тағы да оқыңыздар: Енді бала туғанда берілетін жәрдемақы ІІ деңгейдегі банктер арқыл рәсімделеді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019

Комментарии

Объявления
live comments feed...