СҚО ПД
17:55, 8 октября 2021 г.
Надежный источник
53 адам маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді
СҚО ПД

Жыл басынан 50-ден астам петропавлдық маскүнемдіктен мәжбүрлі емделуге жіберілді.Жалпы облыста 495 қылмыс мас күйде жасалған. Олар негізінен-ұрлық, бұзақылық және денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 8931 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Спирттік ішімдік ішкен жүргізушілердің кінәсінен облыс жолдарында 16 ЖКО тіркелді, салдарынан 5 адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды. Мас күйдегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу облыстық полиция басшылығының тұрақты бақылауында. "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері есепке алынған адамдарды Благовещенка ауылында орналасқан мәжбүрлеп емдеу наркологиялық ұйымына жіберді.
-Рецидивті қылмыстың, сондай – ақ мас күйінде жасалатын қылмыстың алдын алу шараларының бірі-адамдарды алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу түріндегі наркологиялық ұйымға жіберу болып табылады. Ағымдағы жылдың басынан бастап Петропавл қ.полиция басқармасының қызметкерлері осы ұйымға 53 адамды жіберді- дейді, Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.
Мәжбүрлеп емдеу мекемесіне маскүнемді жіберу үшін орта есеппен бір жарым ай қажет. Емдеу кезеңі бірнеше айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Қазіргі уақытта, жалпы алғанда, қалалық полицияда алкогольді теріс пайдаланатындар санаты бойынша 1126 адам есепте тұр.
Тағы да оқыңыздар: Министр бұйрығы: Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Казахский учим с 1 класса во всех школах
Казахский язык
15:04
Учимся играя
Дошкольное обучение
14:28
Все плохо с палочкой Коха
Туберкулез
11:53
Минздрав внес изменения в работу службы скорой помощи
Скорая помощь
09:43
17:15
3 февраля
16:30
3 февраля
15:00
3 февраля
ТОП новости
В районе имени Г.Мусрепова появился новый ФОК
Район им.Г.Мусрепова
Платформа для сбора заявок на льготное автокредитование стартует в Казахстане 6 февраля
Льготное кредитование
Укол в кость! И жизнь спасена!
Инъекции
Объявления
10:38, Сегодня
13
live comments feed...
Комментарии