• Главная
  • «Альфа-PvP» синтетикалық есірткісін саудалаған бойжеткен ұсталды
СҚО ПД
12:00, 14 октября 2021 г.
Надежный источник

«Альфа-PvP» синтетикалық есірткісін саудалаған бойжеткен ұсталды

СҚО ПД
«Альфа-PvP» синтетикалық есірткісін саудалаған бойжеткен ұсталды

Петропавл көшелерінің бірінде есірткі қылмысына қатысы бар 25 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде  одан кристалл тәрізді зат салынған 33 полимер түйіншек тәркіленді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Ұсталған  бойжеткен осыдан екі жыл бұрын  үйлердің қабырғаларына салып, интернетте есірткі сататын веб-ресурстарды жарнамалаған. Енді ол аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

-Сот химиялық зерттеу нәтижесіне сәйкес «альфа-PvP» синтетикалық есірткі болып табылды. Жалпы салмағы 15,3 гр. бұл аса ірі көлемге жатады. Қылмыскерге қатысты ҚР процестік кодексінің 150-і бабы бойынша қамау бұлтартпау шарасы берілді- деді СҚО ПД ЕҚКБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Руслан Үмбетов. 

Жыл басынан облыста «есірткіні жасыру» жолымен есірткі таратуда күдікті 13 адам ұсталды. 4 кг. 287 гр. синтетикалық есірткі алынды. СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 404 кг. астам есірткі заттары алынды.

Тағы да оқыңыздар: Министр елімізде ревакцинация қашан өтетінін айтты

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #есірткі саудасы

Комментарии

Объявления
live comments feed...