
Обзор казахской прессы
18:00, Сегодня
Осы аптада Қазнетте не талқыланды
Обзор казахской прессы

Балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігі, TikTok-тағы даулы эфир және өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған қызға қатысты оқиға - осы аптада назар аударған тақырыптар.
Әлем елдері балаларға әлеуметтік желіні қалай шектеп жатыр: Қазақстанда қалай болмақ?
Әлемнің бірқатар елінде балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу енгізіліп жатыр. BAQ.KZ материалында әр мемлекет қолданатын тәсілдер, балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және Қазақстанда осындай шектеулердің енгізілу мүмкіндігі қарастырылады. Әлеуметтік желілердің балалар өміріндегі рөлі артып келе жатқан тұста ата-ана бақылауы, жас ерекшелігіне байланысты шектеулер және цифрлық қауіпсіздік мәселесі қоғам талқысына түсті.

Семейде 53 жастағы әйел TikTok-тағы тікелей эфирі үшін қамауға алынды.
Семей қаласының тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен. Эфирді шамамен 12 мың адам көрген. Полиция құқықбұзушылықты анықтап, әйелдің жеке басын жедел түрде анықтаған. Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оқиға әлеуметтік желідегі контентке жауапкершілік мәселесін тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды.
Шымкентте өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған қызға қатысты видео тарады.

Әлеуметтік желілерде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған қыз туралы видео жарияланып, көпшіліктің назарын аударды. Жазбада оның телефон арқылы сөйлескен кездегі әрекеті талқыланған. Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары шара қолданғаны туралы ақпарат тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары видеоны талқылап, өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырудың жауапкершілігіне қатысты ой бөлісті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Осы аптада Қазнетте не талқыланды
Обзор казахской прессы
18:00
15:00
Вчера
13:38
Вчера
17:38
18 сентября
17:00
18 сентября
Историю Золотой Орды обсудили в Петропавловске
Золотая Орда
16:20
18 сентября
ТОП новости
Объявления