• Главная
  • Қазнетте қандай қызықты тақырыптар талқыланды?
Обзор казахской прессы
21:00, Сегодня

Қазнетте қандай қызықты тақырыптар талқыланды?

Обзор казахской прессы
Қазнетте қандай қызықты тақырыптар талқыланды?

Қазақстан жаңалықтарына шолу: отандық кино табысы, Қайрат Түнтековтің оралуы және «Қазақ аруы – 2026» байқауындағы дау, 7152.kz тілшісі хабарлайды»

«Заманбек 2» мен «Бажа» фильмдері прокатта миллиард теңгеден астам табыс тапты

Қазақстандық фильмдер кинотеатрларда жоғары кассалық көрсеткішке қол жеткізіп жатыр. Соның ішінде «Заманбек 2» картинасының прокаттағы табысы 1,6 миллиард теңгеге жеткен.

Kazinform мәліметінше, фильм алғашқы бөлімнің нәтижесінен де асып түскен. Ал «Бажа» комедиясы 1,1 миллиард теңге жинады.

Сонымен қатар «Бауыр» фильміне де көрермен қызығушылығы жоғары. KINO.KZ платформасында үш күн ішінде картинаға 18,7 мыңнан астам билет сатылған.

Киноиндустрия өкілдерінің пікірінше, отандық продюсерлердің бір-бірінің жобаларын қолдауы ұлттық киноның дамуына оң ықпал етіп отыр.

Қайрат Түнтеков сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді

Қазнетте қандай қызықты тақырыптар талқыланды?, фото-1

Қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков шығармашылыққа қайта оралуға дайындалып жатыр. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы жылдары басынан түрлі жағдай өткенін айтып, сахнадан біржола кетпегенін жеткізді.

Әншінің айтуынша, өміріндегі қиындықтарға қарамастан, музыкаға деген сүйіспеншілігі жоғалмаған. Ол өнерді өмірінің ажырамас бөлігі санайтынын атап өтті.

«Кейде бәрін тастап, үнсіз қалғым келген сәттер де аз емес. Бірақ өнерден біржола кете алмадым. Өйткені ән – менің өмірімнің бір бөлшегі. Сахна – менің орным», – деп жазды Қайрат Түнтеков.

Жазбаға пікір қалдырған оқырмандар әншіге қолдау білдіріп, оның жаңа әндерін асыға күтетіндерін жеткізді.

«Қазақ аруы – 2026» байқауынан кейін Аша Матайға сын айтылды

Қазнетте қандай қызықты тақырыптар талқыланды?, фото-2

«Қазақ аруы – 2026» ұлттық сұлулық байқауы аяқталғаннан кейін әлеуметтік желіде жүргізуші Аша Матайдың әрекеті қызу талқыланды.

Көрермендердің бір бөлігі жүргізушінің қатысушыларға қойған сұрақтары бірдей деңгейде болмағанын айтып, сын білдірді. Әлеуметтік желі қолданушылары кейбір аруларға күрделі тақырыптар бойынша сұрақ қойылса, өзгелеріне әлдеқайда жеңіл сауалдар берілгенін атап өтті.

Сондай-ақ байқаудың сұрақ-жауап кезеңінде жүргізушілер қатысушылардың сөзін бірнеше рет бөлгені де сынға ұшырады.

Биылғы байқаудың жеңімпазы Алматы қаласының тұрғыны Асылым Өтепберген атанған болатын. Ол көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде 17 164 дауыс жинады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#обзор #пресса #казахская пресса
Последние новости
Объявления