18+

Тұрғын үйдегі өрттен бір әйел зардап шекті

Петропавлда екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, 54 жастағы әйелді күйік шалды, - деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Оқиға 9 шілде күні болған. 101 қызметіне Петропавлдағы 1-Линия, 22 мекен жайындағы екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққандығы жөнінде хабарлама сағат 14.22-де түседі. Өрт сөндірушілер келгенде үйдің 8 шаршы метр болатын кіреберіс дәлізі жанып жатқан. От шамамен жарты сағаттың ішінде сөндірілді. Дәліз толық жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша, өрт дұрыс сөндірілмеген темекі тұқылынан шығуы мүмкін. Баспана жалға беріліп келген екен. Жалға алушы – 1967 жылғы әйел күйік алды, сондай-ақ иіс тиген екен. Ол ауыр жағдайда ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Тағы да оқыңыздар: Өндіріс ошақтарында вакциянациялау қарқын алды

Урок мужества
13:51, 6 мая