18+

Карантин талаптары тағы да қатаңдатылды

Облыста 25 қазаннан бастап карантиндік шаралар тағы да қатаңдатылады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында 25 қазаннан бастап қандай шектеулер енгізілетінін айтты:

1) Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс уақыты шектеледі. Дүйсенбі-жұма аралығында Ashyq жобасына қатысатын барлық объектілер сағат 22.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары сағат 00.00-ге дейін жұмыс істейді;

2) Демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын барлық нысандар сағат 22.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары сағат 00.00-ге дейін және қызметкерлер мен келушілерде тек қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) жұмыс істейді;

3) Осы тармақта көрсетілген «жасыл» мәртебенің болуына қойылатын талаптар және жұмыс режимінің шектеулері облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль автостансаларына/автоөтпелерге, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру нысандарына, ЖОО-ларға, колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;

4) Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандарға, оның ішінде «жасыл» мәртебесі барларға: 1. салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуге; 2. Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға; 3. Көрмелерді өткізуге; 4. Көрермендермен өткізілетін спорттық іс-шараларды өткізуге; 5. Жабық үй-жайларда көп адаммен Құдайға құлшылық етуге тыйым салынады. 5) Медициналық-әлеуметтік нысандарға (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқаларға) келушілердің кіруіне тыйым салу өзгеріссіз қалады.

Тағы да оқыңыздар: КВИ жұқтырған азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбау жайлы қолхат беруге міндеттеледі