Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және облыс әкімдігімен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» қағидатын бекіту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында №48 және №51 мекемелерде қазақ халқының ұлы тұлғалары – Абай Құнанбайұлы мен Бауыржан Момышұлына арналған театрландырылған қойылымдар өткізілді, «7152.kz жазады»
Іс-шаралар сотталғандардың рухани-адамгершілік және мәдени тәрбиесін арттыруға, заңға және қоғамдық құндылықтарға құрметпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ жасаған әрекеттері үшін жеке жауапкершілігін түсінуге бағытталды.
Іс-шараларға 700-ден астам сотталған қатысты.