• Главная
  • Бескөлдіктер краннан аққан судан уланып жатыр
ауыз су
16:06, 3 июня 2021 г.
Надежный источник

Бескөлдіктер краннан аққан судан уланып жатыр

ауыз су
Бескөлдіктер краннан аққан судан уланып жатыр

Бескөл ауылының тұрғындарыауыз судан жаппай ауырып жатыр.Санитарлық дәрігерлер алған су сынамасынан оның микробқа толы екені анықталды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Бүгін СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде мамандар Бескөл ауылында тұрғындардың жаппай неден уланып, ауырып жатқанын айтып берді. Қызылжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аудандық ауруханадан 105 жедел хабарлама түскен. Дәрігерлер емдеу мекемесіне Бескөл ауылы тұрғындарының құсып, ыстығы көтеріліп, іші өтіп келіп жатқанын айтқан. Медицина қызметкерлері сырқаттарға «энтеровирусты инфекция» диагнозын қойды.

-Қазіргі уақытта санитариялық-эпидемиологиялық қызмет эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Ауырғандардың үйінен және Есіл өзені құятын көлден судың сынамасы алынып, санитария-химиялық, бактериологиялық және вирусологиялық көрсеткіштерге тексерілді. Нәтижесінде үйлерден алынған 6 сынама бактериологиялық көрсеткіштер бойынша оң нәтиже көрсетті. Яғни ауыз су ластанған. Қосымша сараптама тағайындалды, - дейді Қызылжар ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жангелді Ибраев.

3 маусымдағы мәлімет бойынша, қазір емдеу мекемелеріне 18 адам жатқызылған. Оның біреуі ғана – ересек. Жағдайлары қалыпты.

-Жағдай дұрысталғанға дейін краннан су ішпеуге кеңес береміз. Ас-суға тек қана қайнатып қолдануға болады. Ішуге бөтелкедегі таза суды пайдалану керек. Сондай-ақ әзірге ашық су қоймаларында суға шомылмау қажеттігін ескертеміз, - дейді Жангелді Ибраев.

Қызылжар ауданының орталығына су орталықтандырылған су беру желілері арқылы тарайды. Қызмет көрсетуші «Базис Пром» компаниясының басшысы құбырлардың бір бөлігі әбден тозығы жеткен. Оның суын ішуге жарамсыз екендігін мойындап отыр.  Мамандардың айтуынша биыл Бескөлдің суберу жүйесін жақсарту үшін  170 млн теңге бөлінген. Тозығы жеткен 30 км темір құбырлардың 17 км-ін биыл ауыстырып, абоненттерді жаңа жүйеге қосамыз деп отыр. Оған қоса қыркүйек айына жоспарланған құбырларды залалсыздандыру жұмыстары соңғы оқиғаларға байланысты қазір қолға алынды. Халықтың жаппай ауыру фактісіне қатысты облыстық прокуратура қылмыстық іс қозап, тергеу амалдары жалғасуда.

Тағы да оқыңыздар: 67 жастағы зейнеткер Петропавлдан Алматыға велосипедке мініп аттанды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #таза ауыз су #ластанған су

Комментарии

Объявления
live comments feed...