• Главная
  • Жыл басынан 1495 адамға қатысты түнгі тыныштықты бұзған үшін хаттама толтырылды
СҚО ПД
15:50, 11 июля 2021 г.
Надежный источник

Жыл басынан 1495 адамға қатысты түнгі тыныштықты бұзған үшін хаттама толтырылды

СҚО ПД
Жыл басынан 1495 адамға қатысты түнгі тыныштықты бұзған үшін хаттама толтырылды

Биыл түн тыныштығын бұзып, жұрттың мазасын алған 1,5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, әсіресе жазда  беймезгіл уақытта мазаларын алған көршілерінің үстінен шағым жиі түседі. Өйткені көптеген адам ішімдік ішіп емалады екен. Орта есеппен петропавлдық полицейлер жұмыс күндері кешкі сағат 22.00-ден кейін және демалыс күндері сағат 23.00-ден кейін тыныштық режимін бұзуға қатысты 6-7 шақыртуға барады. Көбінесе жалға берілетін пәтерлер, ойын-сауық нысандары мен тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер проблемалық орындарға айналған.

-Соңғы қоңыраулардың бірі «102» мобильді қосымшасы арқылы түсті. Түнгі жанжалқойдың айқайы арызданушыға ұйқы бермеген. Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына аттанып, арызданушыға қолданылған шаралар туралы автоматты түрде хабарлама жіберілді. Көп ұзамай мекенжайға келген патруль облыс аудандарының бірінің 19 жастағы тұрғынын әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша: тыныштықты бұзғаны және қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін жауапқа тартты, - дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары Петропавлда тыныштықты бұзу туралы 1268 хаттама толтырды. Облыста осындай 1495 факті тіркелді.

Тағы да оқыыңыздар:Тоқаев: Үкіметке рұқсатсыз қоқыс төккендерді жазалау шараларын күшейтуді тапсырамын

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #хаттама#түнгі тыныштық # СҚО ПД

Комментарии

Объявления
live comments feed...