• Главная
  • Трактор сатып алмақ болған зейнеткер 750 мың теңгесінен айырылды
СҚО ПД
16:55, 12 июля 2021 г.
Надежный источник

Трактор сатып алмақ болған зейнеткер 750 мың теңгесінен айырылды

СҚО ПД
Трактор сатып алмақ болған зейнеткер 750 мың теңгесінен айырылды

62 жастағы Петропавл тұрғыны хабарландыру сайтынан трактор сатып аламын деп 750 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Зейнетке шығар алдында өзіне шағын трактор алып, бау-бақша баптамақ болған 62 жастағы қала тұрғыны полицияға алаяқтықтың құрбаны болғаны жайында хабарлаған. Айтуынша, көлікті  OLX хабарландыру сайтынан тапқан. Сатушымен телефон арқылы байланысқа шыққан. Ватсап желісі арқылы трактордың құнын келісіп, техниканы басқа қаладан жеткізу керек деген алаяқтың сөзіне сенген. Сөйтіп, алдын ала 750 мың теңге аударған. Ақшаны алған соң, сатушы хабар-ошарсыз кеткен көрінеді.

- Олар 3-4 күннен кейін тракторды жеткізетіндіктерін айтты. Бірақ техника келмеді, сондықтан қайта-қайта хабарласып асықтыруға тырыстым. Олардың бір айтатыны – «күтіңіз». Әлі күнге дейін күтіп жүрмін. Әлі жеткізген жоқ. Достарым құқық қорғау органдарына шағымдануға кеңес берді. Айтарым, ешкімге сенбеңіз, абай болыңыз! - дейді жәбірленуші.

Бүгінде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмыскерлерді іздестіру шаралары жүріп жатыр. Полицейлердің айтуынша алаяқтар кез-келген интернет кеңістігінде қолданыстағы желілелерді пайдаланады. Бірақ, ең көп қолданатыны OLX хабарландыру сайты. Алаяқтар көбіне  пәтер, жиһаз сатамын деп хабарландыру береді екен.  Олардың арбауына көбіне қыз-келіншектер түсетін көрінеді.

Тағы да оқыңыздар: Ауыл әкімі болғысы келетіндердің басым бөлігі өзін-өзі ұсынғандар

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #зейнеткер ақшасынан айырылды #алаяқтар #750 мың теңгесінен айырылды

Комментарии

Объявления
live comments feed...