• Главная
  • Нығыметов: Тәуелсіз Қазақстанның өз тарихы,тарихи тұлғалары бар
брифинг
16:30, 22 июля 2021 г.
Надежный источник

Нығыметов: Тәуелсіз Қазақстанның өз тарихы,тарихи тұлғалары бар

брифинг
Нығыметов: Тәуелсіз Қазақстанның өз тарихы,тарихи тұлғалары бар

СҚО-дағы кейбір нысан, көшелердің атауын өзгертуге кей азаматтар қарсылық танытуда. Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов өңірдің әлеуметтік дамуының өзекті мәселелеріне арналған онлайн-брифинг барысында ономастикалық жұмыстың мән-жайы  мен маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды 7152.kz  тілшісі.

Ол ономастикалық жұмыс Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Бірақ биыл болатын халық санағына байланысты нысандардың аттарын өзгерту жұмыстары  уақытша тоқтатылған. Алайда,  дайындық жүріп жатыр.

- Жалпы, бұл үлкен мемлекеттік жұмыс. Кеңестік жүйе кезеңінде, патшалық Ресейдің Қазақстанды игеруі кезінде қайта атау бойынша бір жақты саясат жүргізілгенін түсіну керек. Біздің еліміздің көптеген тарихи аймақтарының өзіндік тарихи атаулары бар, бірақ олар жоғалып, жойылып, ұмытылды. Ешкім ешкімнен сұрамады, бәрі орталықтандырылған түрде жүргізілді. Сондықтан әр ауылда Ленин ескерткіші, Ленин көшесі және большевиктік кезеңнің басқа да қайраткерлеріне арналған нысандар болды, - деді Ғани Нығыметов.

Облыс әкімінің орынбасары, мемлекет бұл тарихты жоққа шығармайды, бірақ Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде өз тарихына, өз тарихи тұлғаларын насихаттауға құқығы бар екенін атап өтті.

- Бұл біздің тәуелсіздігіміздің бастауында тұрған тұлғалар. Өкінішке орай, олар жайлы жастар білмейді.  Осы тұлғаларды насихаттау жұмыстары қайта атау арқылы да жүргізіледі. Батырларымызды мәңгі есте сақтай отырып, біз жастарымызды патриоттық рухта тәрбиелейміз, - деді ол. - Біздің қоғамдағы ең бастысы-бірлік. Қайта атау бойынша жұмыс адамдардың пікірін ескере отырып, ұқыпты жүргізілуі тиіс, - деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Тағы да оқыңыздар: Өңірде карантин және санитариялық талаптарды бұзғандарға 40 млн теңге айыппұл салынды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары#брифинг #Нығыметов#көше атауларын өзгерту #ономастика

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...