• Главная
  • Астық ұрлаған жұмысшылар ұсталды
СҚО ПД
15:55, 6 сентября 2021 г.
Надежный источник

Астық ұрлаған жұмысшылар ұсталды

СҚО ПД
Астық ұрлаған жұмысшылар ұсталды

Облыс полицейлері 1,5 миллион теңгенің астығын ұрламақ болған ауыл азамттарын ұстады, деп хабарлайды  7152.kz тілшісі.

2 қыркүйекте  Ғабит Мүсірепов ауданында серіктестік жұмысшылары бірігіп астық ұрлағаны әшкере болды. Ұрылар астық қабылдайтын бекетті торып жүріп, қараңғы түнде бидайды тонналап шығармақ болған. Көлік жарығын сөндіріп қойып, бидай тиеп жатқан кезде полицияның қолына түсті. Жүк көлігінің жүргізушісі мен екі комбайнер оқиға орнында ұсталды. Тағы екі қылмыскер қашып үлгергенімен, екінші күні анықталды. 

«КамАЗ» көлігіне 10 тонна астық жүктелген. Шығын 1,5 миллион теңгені құрады. Астық ұрлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. 51, 42 және 26 жастағы ұрлық жасамақ болған серіктестік  қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- СҚО аумағында «Астық» шарасы басталды.Ол астық, жанар-жағармай материалдары мен ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектері ұрлануының алдын алу және ашу үшін егін жинау науқаны кезеңінде жүргізіледі.Әр ауданда тәжірибелі қызметкерлер — учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, патрульдік полиция қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар құрылды.Олардың басты міндеті - ауыл шаруашылығында егіннің сақталуын қамтамасыз етуге көмектесу,-СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Азамат Құсайынов.

Тағы да оқыңыздар: Облыс 4 қыркүйектен бастап «сары» аймақта орналасқан

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #астық #астық ұрлығы

Комментарии

Объявления
live comments feed...