• Главная
  • Облыс 4 қыркүйектен бастап «сары» аймақта орналасқан
COVID-20019
09:00, 6 сентября 2021 г.
Надежный источник

Облыс 4 қыркүйектен бастап «сары» аймақта орналасқан

COVID-20019
Облыс 4 қыркүйектен бастап «сары» аймақта орналасқан

Соңғы 2 аптада СҚО-да Covid-19 ауырғандар 33%-ға яғни, 2286-дан 1426 жағдайға дейін төмендеді. Бұл туралы 7152.kz сайты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы жағдайлардың ішінде-22 670-профилактикалық тексеру кезінде жұқтырғандардың 13%-ы анықталды,  65%-ы медициналық көмекке жүгінген адамдар арасында тіркелді, ал 23%-ы байланыста болғандар арасында анықталды. 

Өткен жылдың қазан айынан бастап автомобиль жолдарындағы өткізу пункттері арқылы 239 054 адам келді. ҚР 5 319 азаматында анықтама болған жоқ, олар COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды. Оң нәтижемен 315 адам анықталды. 1306 шетелдік азаматтарға тестілеу туралы анықтаманың болмауына байланысты кіруге тыйым салынды.

Облыс 4 қыркүйектен бастап «сары» аймақта орналасқан. Дәл қазір аурудың төмендеуі кезінде босаңсуға болмайды. Санитариялық шаралар сақталмаған жағдайда жағдай кез келген уақытта одан да нашар жаққа өзгеруі мүмкін. Санитариялық ережелер мен қаулылардың барлық талаптарын сақтауды сұраймыз: бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту, жеке гигиена талаптарын сақтау.

Соңғы тәулікте облыста 74 жаңа жағдай тіркелді. 627 науқас стационарларда ем алып жатыр. 75 пациенттің жағдайы ауыр деп бағалануда. Пандемия басталғалы 162 солтүстікқазақстандық вирустан көз жұмды.

Тағы да оқыңыздар: Ауданның екі тұрғыны 5 қойды аңшы мылтығымен атып алған



Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019

Комментарии

ТОП новости
Новый облик старого города: нормативно-правовую документацию дизайн-кода Петропавловска рассмотрят в гормаслихате
Город
От свалок к цифровому порядку: Петропавловск внедряет решения умного города для контроля чистоты
Борьба со свалками
От парков до скверов: Ботанический сад займётся уходом за зелёным фондом города Петропавловска
Озеленение
Около 900 мероприятий провели в Петропавловске в рамках акции «Таза Қазақстан»
Таза Қазақстан
Объявления