
Ironman
10:48, 13 сентября 2021 г.
Надежный источник
Александр Винокуров Ниццада жеңіске жетті
Ironman

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, «Астана» велокомандасының бас менеджері, Ниццада Ironman 70.3 сайысында өз жас тобында үздік атанды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасай отырып.
Ол қашықтықты (жүзу, велоэтап және жүгіру) 4 сағат, 55 минут және 22 секундта жүріп өткен.
Жеңістен кейін 47 жастағы Александр Винокуров жарыс өте қиын болғанын атап өтті. Ал ол өзінің жеңісін Қазақстанның Тәуелсіздігіне арнады.
-Үш онжылдықта Қазақстан мен біздің халқымыз үлкен қиындықтардан өтіп, зор күш-жігердің арқасында керемет нәтижелерге қол жеткізді. Өте күрделі және өзіне деген сенім мен зор күш-жігерді талап еткен бүгінгі жарыстағы жеңісті мен өз еліме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын!- деп жазды Винокуров өзінің Instagram парақшасында.
Тағы да оқыңыздар: Облыста 208 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсынан өтті
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:33
Вчера
15:57
Вчера
За счет изъятых у коррупционеров денег все села СКО обеспечат чистой водопроводной водой
Строительство
13:19
Вчера
11:52
Вчера
Более 200 дворов в Петропавловске в плачевном состоянии, часть из них благоустроят этим летом
Благоустройство
11:08
Вчера
ТОП новости
Объявления
19:26, 21 июня
live comments feed...
Комментарии