• Главная
  • 2022 жылдан бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі
БІЛІМ БЕРУ
16:10, 12 октября
Надежный источник

2022 жылдан бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

БІЛІМ БЕРУ
2022 жылдан бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

2022 жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің мектептерінде бірінші сынып оқушылары цифрлық сауатын ашады. Үшінші тоқсанда оқу бағдарламасына алғаш рет «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі деп хабарлайды 7152.kz Білім және ғылым министрлігі ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін оқушылар үшінші сыныптан бастап «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыған болатын.

-Оқу бағдарламасы сұраныс пен уақыт талаптарына сәйкес болуы тиіс. Бүгінгі таңда цифрлық әлемнің қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. Қазір смартфондар мен компьютерлерді мектепке дейінгі кіші жастағы балалар пайдаланып жатады. Цифрлық сауаттылық – оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Сондықтан балаларды цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Әлбетте, жаңа пәнді оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктері де ескерілетін болады, – деп атап өтті БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Сондай-ақ, 4-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және 5-11 сыныптарға арналған Информатика пәндері бойынша оқу бағдарламалары қайта қаралды. Министрліктің ақпаратына сенсек, жаңашылдықтар балалардың ақпараттық технологиялар саласында сапалы білім алуына бағытталған. Мектеп бағдарламасы шеңберінде ең танымал Python бағдарламалау тілі оқытылады. Сонымен қатар, 5-9 сынып оқушылары 3D-модельдеу мен 3D-принтинг бойынша білім алады.

-10-11 сыныптардағы Информатика пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы IT-саласының заманауи даму үрдістерін ескере отырып әзірленген. Оқыту бағдарламасында IT-STARTUP, виртуалды және толықтырылған шынайылық, жасанды интеллект, мобильді қосымшаларды әзірлеу, BigData және тағы басқа тақырыптар бар. Сондай-ақ, барлық сыныптың оқу бағдарламаларына Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері, авторлық құқық туралы тақырыптар енгізілген, - деп жазды министрлік.

Тағы да оқыңыздар: Тағы да малдың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #білім беру #қашықтан оқу#жаңа пән

Комментарии

Объявления
live comments feed...