
Обзор казахской прессы
18:30, Сегодня
Осы аптада Қазнетте не талқыланды?
Обзор казахской прессы

Блогердің даулы видеосы, концерті тоқтатылған рэпер және Қазақстандағы гастролінен айырылған INSTASAMKA. Әлеуметтік желі қолданушыларының назарында болған басты тақырыптарға шолу жасайық.
BekaEasy даяшыға дөрекі сөйлегені үшін кешірім сұрады
Танымал блогер BekaEasy әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін көпшіліктің сынына қалды. Кадрларда блогердің дәмханада даяшыға дөрекі сөйлегені көрінеді.
Оқиға қызу талқыланған соң, Бекзат Елеусізов өз әрекеті үшін кешірім сұрады. Ол болған жағдайды «өте жиіркенішті» деп атап, даяшыдан және видеоны түсірген қыздан кешірім сұраған.

Кезекті талқылау Алматыда ресейлік рэпер Whole Lotta Swag-тың 14 қарашаға жоспарланған концертінің өтпейтіні жайында болмақ. Бұған өнерпаздың бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желіде қазақтарға қатысты жазған пікірі себеп болған.
Рэпердің «кедей қазақтар» туралы жазбасы қайта тарап, қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Осыдан кейін концерттің тоқтатылғаны белгілі болды. Кейін орындаушы өз сөзі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.
Жақында шетелдік блогер полиция қызметкерін қолына көтеріп, видео жариялап, халықтың ашуына тиді. Астанада шетелдік тревел-блогер Haggagovic түсірген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Кадрларда блогер полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, кейін олардың бірін көтеріп, қолына алып айналдырғаны көрінеді.
Видео желіде тарағаннан кейін Астана полициясы қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Оқиғаға қатысты пікірлер екіге бөлініп, қолданушылар полиция қызметкерлерінің әрекетін талқылап жатыр.

Қысқасы, осы аптада Қазнетте тағы да әлеуметтік желіге тараған видеолар мен танымал адамдардың әрекеті қызу талқыға түсті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Осы аптада Қазнетте не талқыланды?
Обзор казахской прессы
18:30
20:53
11 сентября
Рюкзаки и канцтовары для школьников: Home Credit Bank поддержал акцию «Дорога в школу»
Дорога в школу
18:51
11 сентября
18:29
11 сентября
ТОП новости
Объявления
18:00, 23 июня
11:20, 10 сентября