18+

COVID-19-бен ауыратын қазақстандықтарды өзін-өзі оқшаулауды бұзғаны үшін жазалайтын болады

Коронавируспен ауыратын қазақстандықтарға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін айыппұл салынады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасай отырып.

-Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен КВИ-мен ауыратын науқастар мен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелер бекітілгенін хабарлайды. Осы талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жаза көзделген. Ереже 2021 жылдың 10 маусымында күшіне енеді, - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес, оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасы арқылы анықталады.

Осылайша, бұл жүйелер Ashyq-ке қатысатын қоғамдық нысандарға барған кезде қызыл мәртебесі бар адамдардың тіркелу фактісін растау болып табылады. Яғни, карантиндегі науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазалау шараларын қолдануға себеп болады.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыға 30 АЕК немесе 87 510 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

Тағы да оқыңыздар: Балықшы қария құтқарылды