• Главная
  • Көру қабілеті әлсіреген: Петропавлда жоғалған 89 жастағы зейнеткерді полицейлер тапты
СКО
17:16, Сегодня

Көру қабілеті әлсіреген: Петропавлда жоғалған 89 жастағы зейнеткерді полицейлер тапты

СКО
Көру қабілеті әлсіреген: Петропавлда жоғалған 89 жастағы зейнеткерді полицейлер тапты

Облыс орталығының тұрғыны полицияға жоғалып кеткен жұбайын іздеуге көмектесуді сұрап жүгіндi, 7152.kz хабарлайды.

Әйел дүкенге кіріп шыққаннан кейін күйеуінің жоғалып кеткенін байқаған. 89 жастағы зейнеткердің жанында ұялы телефоны болмаған.

Шақырту орнына келген Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны ротасының командирі Қуаныш Сүлейменов өтініш берушімен бірге маңайды қарап шықты. Алайда нәтиже болмады. Содан кейін ол дүкен иесіне жүгініп, бейнебақылау камераларындағы жазбаны сұрады.

Зейнеткердің көру қабілетінің нашарлығынан адасып кеткені анықталды. Ол жұбайының киіміне ұқсас киім киген әйелді байқап, соңынан ермек болған кезде жолынан жаңылған.

Қуаныш Сүлейменов Жедел басқару орталығымен байланысып, жоғалған адамның сыртқы белгілерін, нақты уақыт пен орналасқан жерін хабарлады. Бейнебақылау инспекторлары оның жүріп өткен бағытын бақылауға алды. Көп ұзамай зейнеткер Жамбыл көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісінен табылды. Полиция капитаны Сүлейменов оны жұбайымен бірге аман-есен үйіне жеткізді.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін тәртіп сақшылары қарт адамдардың байланыс құралынсыз үйден шықпауын қадағалауды ұсынады. Егер зейнеткер өзінің аты-жөнін немесе мекенжайын ұмытып қалуы мүмкін болса, оның қалтасына қажетті ақпарат пен туыстарының телефон нөмірлері жазылған жазба салып қойған жөн.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#закон и порядок #общество
Объявления