18+

Петропавлда жүк көлігі аударылып, электр желісіне зақым келтірді

Петропавл маңында айналма жолда тіркемесі бар ауыр жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 32 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Ол Петропавлдан Қарағандыға ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді тасымалдаумен айналысқан.

-Көліктің аударылу нәтижесінде электр беру желісінің тірегі зақымдалды. Автокөлікке механикалық зақым келді. Оқиға орнына Петропавл патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері шықты. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік материал жиналды,- деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар: Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін 42 171 адам салдырды

Погода
14:51, Вчера