• Главная
  • Құс тұмауы табылған ауылда барлық құстар жойылады
ҚҰС ТҰМАУЫ
10:55, 29 сентября 2021 г.
Надежный источник

Құс тұмауы табылған ауылда барлық құстар жойылады

ҚҰС ТҰМАУЫ
Құс тұмауы табылған ауылда барлық құстар жойылады

Құс тұмауының таралуына жол бермеу үшін ауру ошағындағы барлық құс жойылмақ. Барлық алынған және жойылған құстың иелеріне өтемақы толық көлемде төленетін болады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО-да құс тұмауының тіркелуіне байланысты республикалық комиссия келді. ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев басқарған жұмыс тобы М.Жұмабаев ауданы Лебяжье елді мекенінде болды.

Комиссия тарапынан эпизоотиялық жағдай зерделеніп, су айдынына мониторинг жүргізілді, ауруды жою ауқымы анықталып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Инфекция ошағын дер кезінде және жедел оқшаулау және жою үшін елді мекеннің периметрі бойынша жерлерді жырту жұмыстары жүргізілді, кіретін және шығатын автокөліктерді дезинфекциялау үшін дезбаръер орнатылды.

Эпизоотиялық тізбекті үзу мақсатында ошақтағы құстардың барлық басын жою туралы шешім қабылданды. Барлық алынған және жойылған құстың иелеріне өтемақы толық көлемде төленетін болады. Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда жануарларды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 112,2 мың доза отандық препараттар бөлінеді. Эпизоотиялық жағдай тұрақты бақылауда. Инфекцияның облыстың басқа елді мекендеріне таралуына жол бермеу мақсатында вакцинация жүргізу және тірі құс пен құс шаруашылығы өнімдерінің қозғалысына бақылау орнату шаралары қолға алынды. 

Тағы да оқыңыздар: Петропавл қаласындағы сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісі анықталды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #құс тұмауы # құстар жойылады

Комментарии

Объявления
live comments feed...