
СҚО ПД
09:00, 20 октября 2021 г.
Надежный источник
Адам саудасы бойынша мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды
СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысында «Нелегал-кордон» операциясы аясында үш қылмыскер ұсталды. Оның біреуі адам саудасы үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Нелегал-кордон» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында апта бойы базарлар, құрылыс нысандары, фермерлік шаруашылықтар мен өзге де нысандар тексерілген. Нәтижесінде 19 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңнаманы бұзғаны үшін басқа мемлекеттердің 44 азаматының елде жүріп-тұру мерзімі қысқартылды, 22-сі елден шығарылды.
-Жедел-профилактикалық іс-шара өткен кезеңде шетелдіктердің елде болу ережелерін бұзудың 250 дерегі анықталды. 191 жағдайда ҚР азаматтары жауапкершілікке тартылды. Қабылдаушы жақ келген иммигранттар туралы ішкі істер органдарын уақтылы хабардар етіп, тиісті құжаттарды ресімдеулері керек. Бұдан бөлек, заңнаманы бұзып елге кірген шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын жай беруге заң тыйым салады, - дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсырбаев.
Сондай-ақ операция барысында 3 қылмыскер ұсталды. Оның біреуі адам саудасы бойынша мемлекетаралық іздеуде болған. Қылмыскер СҚО Есіл ауданындағы ауылдардың бірінде жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, іздеу жариялағандарға хабарлама жіберілді.
Тағы да оқыңыздар: Халық санағына байланысты облыс әкімі үндеу жасады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:50
23 марта
В Северо-Казахстанской области в честь Наурызнама запустили масштабный Республиканский челлендж «Өзіңнен баста»
Таза Казахстан
14:31
23 марта
16:43
22 марта
Гуси спасли Рим, спасут и аул: в Петропавловск на AUYL FEST – 2026 сьехались все птицеводы региона
Гусеводство
16:00
22 марта
15:15
22 марта
19:45
21 марта
19:17
21 марта
Объявления
00:00, 16 марта
11
Комментарии