18+

12 жастағы бала суға кетті

Петропавлда өзенге шомылуға барған 12 жасар бала көз жұмды, деп 7152.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 16.00 шамасында болған. Петропавлдағы 20-ықшам ауданы маңында,  Есіл өзеніне шомылуға барған 2009 жылы туған жасөспірім суға кетті. Бала өзенге үлкендердің қарауынсыз келген. Оны құтқару мүмкін болмады. Жасөспірімнің денесін жедел-құтқару отрядының мамандары судан алып шықты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. СҚО-да жыл басынан бері суда осымен 19 адам қаза тапты. Мерт болғандардың бесеуі – бала. 

Тағы да оқыңыздар: СҚО-да КВИ жұқтырған 48 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Погода
14:51, Вчера